Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік техникалық құжаттаманы келісу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

30 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік техникалық құжаттаманы келісу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады

  1. Еркін түрдегі өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);
  3. 4 дана мемлекет және орыс тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттама (шетелдік өтініш берушілер үшін нотариалды куәландырылған аудармасы бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік-техникалық құжаттама және нотариалды куәландырылған аудармасының көшірмесі бар нормативтік-техникалық құжаттаманың көшірмесі), ол мыналарды:
  • ұйым стандартын және/немесе халықаралық стандарттарды.
  • ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын әзірлеуші (жеке тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы) қол қойған/бекіткен ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын дайындау және бақылау жөніндегі нұсқаулықты;
  • өндіруші әзірлеген ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқауды (нұсқаулықты);
  • микроорганизмдердің өндірістік және бақылаудағы штаммдарына және жасуша өсіріндісінің қайта себілетін желілеріне арналған паспортты (ветеринариялық препараттар үшін);
  • ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының тіркелгенін және/немесе Кеден Одағына және Бірыңғай Экономикалық Кеңістіке мүше елдерден басқа, үшінші елдердің ресми мемлекеттік фармокопеясына енгізілгенін растайтын құжатты (бар болса);
  • ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспаларының (ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын дайындау/бақылау үшін пайланылатын микроорганизмдердің штаммдары) жекелеген компоненттеріне немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспасын дайындау технологиясына/әдісіне не оны пайдалануға/қолдануға патент (тер) бар болған жағдайда ветеринариялық препараттың, жемшөп қоспасының компоненттерін дайындаушы мен патент иесі арасында жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
  • зертханалық және өндірістік сынақтың хаттамасын (актісін) қоса отырып, ветеринариялық препаратты, жемшөптік қоспаларды әзірлеу, түрлендіру, жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есепті;
  • ветеринариялық препараттардың халықаралық стандарттарға (Good Manufacturing Practice – тиісті өндірістік тәжірибе) сәйкес өндірілгенін куәландыратын құжаттарды (бар болса) қамтиды.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу

Сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға нақты себептерді көрсете отырып, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісуден жазбаша бас тарту жібереді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап