Банкаралық кредиттеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Екінші деңгейдегі банктер
Қызметті ұсыну тәсілдері
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
Қызмет құны

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынатын қызметтерге тарифтер «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ішкі актілеріне сәйкес Банктің уәкілетті органының шешімімен белгіленеді»

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттардың толық пакетін тапсырған сәттен бастап – 43 жұмыс күнінен бастап (осы мерзім жобалардың стандартты санатына қолданылады)

Қызметті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да алу (қажетті құжаттар):

  1. Екінші деңгейдегі банктерден (ЕДБ) кредиттік өтінім.
  2. ЕДБ уәкілетті органының қаржыландыру құралын тарту туралы шешімі (өтінім беру сәтінде болған жағдайда).
  3. ЕДБ-ның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иелеріне дейін жай акциялардың (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін ЕДБ-ның жарғылық капиталындағы акциялардың/үлестің барлық меншік иелері туралы ақпаратты ашатын, ЕДБ-ның жай акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылардың құрылтай құжаттары немесе тізілімі. Осы тармақшаның күші талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылатын ЕДБ-ға банкаралық кредит беру кезінде қолданылмайды. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі Қазақстан Республикасы уәкілетті органының нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
  4. ЕДБ-ның банктік операцияларды және банк заңнамасында қарастырылған өзге де операцияларды жасауға лицензиясы.
  5. ЕДБ уәкілетті тұлғаларыныңың қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат.
  6. қаржыландыру құралын беру туралы шарттарға қол қоюға уәкілетті ЕДБ тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттар.
  7. ЕДБ уәкілетті тұлғасының (штат қызметкерінің) тағайындалғанын растайтын ЕДБ бұйрығы.
  8. өтінім берілген күннің алдындағы есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ЕДБ қызметінің нәтижелері туралы аудиторлық қорытынды (жылдық есеп), ЕДБ-ның соңғы тоқсандағы және соңғы үш жылдағы барлық қосымшаларымен бірге қаржылық және реттеуші есептілігінің көшірмесі, қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін интернет-ресурста орналастырылған ақпарат.
  9. ЕДБ-ның қаржы топтарына, конгломераттарға және холдингтерге тиесілілігі туралы ақпарат.
  10. ЕДБ-ның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын тіркеуші орган берген белгіленген нысандағы құжат (ЕДБ-ны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/бизнес-сәйкестендіру нөмірі).
  11. ЕДБ қызметін қаржыландыру шеңберінде тиісті құжаттарға ЕДБ атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке куәлігі және / немесе төлқұжаты.
  12. ЕДБ-да салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығын (бар болуын) куәландыратын құжат және (немесе) кредиттік өтінімді қарау күніне дейін ЕДБ-да салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын (бар болуын) растайтын салық қызметі органдары берген салыстыру актісі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қаржыландыру құралын ұсыну туралы шартқа қол қою.