Орта, оның ішінде республикалық маңызы бар мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 2 жұмыс күні;
3) Көрсетілетін қызметті беруші орналаспаған жер бойынша Мемлекеттік корпорацияға – 7 жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Қызметтің толық атауы
Орта, оның ішінде республикалық маңызы бар мемлекеттік білім беру мекемелерінің басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау​

Қызметті мемлекеттік органнан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  6. бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
  7. қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  8. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  9. соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
  10. сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
  11. тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  12. біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
  13. білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
  14. Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.

3), 4), 7), 8) 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер көрсетілетін қызметті берушінің оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, талап етілмейді.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау​

Қызмет көрсету нәтижесі

Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.