Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары
Қызмет құны

Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікпен тегін немесе ақылы көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 30 минут (құжаттарды ағымдағы жылғы тамыз айының 1-нен бастап қазан айының 1-не дейін жыл сайын қабылданады).

Қызметтің толық атауы
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Қызметті порталда қалай алуға болады

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе басқа заңды өкілінің) біреуінің атынан оның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жергілікті тұратын мекен-жайы көрсетілген өтініш.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) еркін түрде жазылған өтініші.
  2. Баланың жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт).

Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) көп балалы отбасылардың балалары;

4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;

5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына оқуға қабылдау немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.