Жалпы білім беретін мектептерге алу үшін құжаттарды қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
6 дан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күн;

оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;

бірінші сыныпқа  – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында

Қызметтің толық атауы
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына алу және құжаттарды қабылдау

Кешіріңіз, бұл қызмет уақытша қол жетімді емес. Мемлекеттік орган-қызмет беруші тарапынан қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл қызметпен жұмыс жасауға болады.

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Порталда авторлану  және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). 1-сыныпқа барған жағдайда, сондай-ақ бір білім ұйымынан басқасына ауысқанда электронды сұраныс жолын толтырып, ақпараттық жүйелерде жоқ құжаттардың скан-көшірмесін:
    • (2008 жылға дейін туылған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
    • Денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у және 026/у-3  нысан;
    • Баланың 3х4 өлшемді 2 фотосурет.
  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  2.  Білім беру ұйымдарына тіркеу туралы хабарламаны алғанда сізге келген мектепке мынадай құжаттардың түпнұсқасын ұсыну талап етіледі:
  • баланың туу туралы куәлігі (асырап алушы/қамқоршы өтініш берген жағдайда);
  • ата-ананың (бағушының немесе күтушінің) біреуінен электронды түрде, өкілетті адамның ЭЦҚ қойылған, тұрғылықты жері көрсетілген өтініп:
  • қызмет алушының жеке сәйкестендірген нөмірі;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у және 026/у-3;
  • 3х4 өлшемді фотосурет.

1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүзеге асырылады.  

Бір ұйымнан екіншісіне ауысқанда құжаттарды қабылдау 1 тамыздан 25 мамырға дейін жүзеге асырылады (оқу жылы бойында).

Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлігі, (2008 жылға дейін туылған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі.
  3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у және 026/у-3  нысан.
  4. Баланың 3х4 өлшемді 2 фотосурет.

Қосымша

*Қызметке өтініш білдіру үшін төмендегі сілтемені басып өту керек:

ҚР қол жетімді аудандардың толық тізімін қарау

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық