ЭЦҚ-ны қашықтан алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Құрметті пайдаланушылар! 

"Электрондық үкімет" порталы арқылы алынып жатқан онлайн ретінде қызметтер санының өсуіне байланысты біз жүйе жүктемесінің артуы бойынша күрт өзгеруін бақылаудамыз. Бұл жағдай порталдың бетін ашу жылдамдығына әсер етеді.  

Біз eGov.kz порталды пайдалану ыңғайлылығы үшін жүйе тұрақтылығын арттырумен жұмыс істеудеміз.  

Сізден түсінушілік танытуыңызға үміттенеміз.

Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілттері жеке және заңды тұлғалар үшін беріледі!

ХҚКО-на бармай-ақ қашықтан ЭЦҚ кілттерін алу мүмкіндігі үшін, Сізге қажет:

  • Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты);
  • Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс;
  • Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс;
  • ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.

Құрметті пайдаланушылар! 

1) Оператормен диалог дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Демалыс: жексенбі және ҚРЗ сәйкес мереке күндері.

2) Қашықтан сәйкестендіру сәтсіз болған жағдайда, сіздің құжатыңыз растау/модерацияға жіберіледі. Операторлармен тексеру жіберілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Егер сіз бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны алған болсаңыз, онда жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сілтеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының жеке кабинетте жаңа кілтті қайта шығаруға болады.

 

* Жеке тұлғалар үшін қадамдық нұсқаулық * (жүктеу)

*Заңды тұлғалар үшін қадамдық нұсқаулық * (жүктеу)

 

Егер сіз Мобильдік азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, ЭЦҚ алыстан алу туралы бейнероликті қараңыз

 

Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, ЭЦҚ алыстан алу туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Электрондық форматтағы ЭЦҚ кілттері.