Жылжымайтын мүліктің меншік иесі ауысқан кезде коммуналдық қызметтер көрсетуге шарттар жасасу
Көрсету
Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
5 жұмыс күні
Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүліктің меншік иесі ауысқан кезде коммуналдық қызметтер көрсетуге шарттар жасасу
Назар аударыңыз! Қызмет тек Алматы облысының Талдықорған қаласының тұрғындары үшін қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Сіз ijetisu.kz порталына өтесіз, онда сізге «Жылжымайтын мүліктің меншік иесін ауыстырған кезде коммуналдық қызметтер көрсетуге шарттар жасасу» қызметін таңдау қажет.
- Өтінімді толтыру:
- байланыс телефоны;
- электрондық пошта мекенжайы (email);
- жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі және түрі (бастапқы, қайталама).
- Қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарттардың мәтінімен танысу.
- Шарт жасау үшін қызмет жеткізушілерін таңдау.
- Өтінімге ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.
- Қызмет нәтижесі порталдағы «Менің өтінімдерім» бөлімінде қолжетімді ijetisu.kz -Алматы облысының геоақпараттық порталы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Коммуналдық қызмет көрсетуге шарт немесе дәлелді бас тарту.