Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау
Тегін
8 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Мемлекеттік корпорацияның өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы 5 жұмыс күні ішінде хабардар етуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне ұзартылады.
Порталда – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) алынған құжатпен танысып, талап ету орны бойынша ұсыныңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі)
- Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтініш береді.
- Жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін жұмыс сипаты мен еңбек жағдайы туралы анықтама.
- Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
- еңбек кітапшасы;
- еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасын Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.