Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өту және  "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Егер некеге тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі.
  4. Егер некелескен болса аурулардың жоқтығын растайтын көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психиатриялық диспансерлеріндегі есепте жай-күйі туралы мәліметтер жоқ екендігі туралы анықтамалар.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамалардың көшірмелері.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығы бар екендігін растайтын құжаттар.
  7. Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.