Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 минут

Қызметтің толық атауы
Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының (бұдан әрі - СДБМИ) 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына қабылдау кезінде:

  1. Ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін формадағы өтініш.
  2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаты немесе туу туралы куәлік (жеке сәйкестендіру нөмірінің бар болуы).
  3. Оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат.
  4. Нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.
  5. Негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10, 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде).
  6. Куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы бұйрықтан үзінді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы".

Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

  1. 3х4 өлшемдегі алты фотосурет.
  2. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 6697 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" бұйрығының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы) 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде), фтизиатриядың қорытындысы.
  3. Бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері республикалық ОРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).
  4. Бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері облыстық ОРММИК және СДБМИ-ге оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).

ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсу кезінде:

  1. Еркін формадағы өтініш.
  2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Жалпы орта білім туралы аттестат.
  4. Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда).
  5. Келесі спорттық атақтар мен разрядтардың бірін беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі (бұйрықтан үзінді): "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер".

Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

  1. 3х4 өлшемдегі алты фотосурет.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығының 3-қосымшасында бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы медициналық құжаттардың түпнұсқалары, яғни № 086/ж үлгісіндегі медициналық анықтама (қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындысы) № 026 нысан бойынша баланың медициналық анықтамасы, № 063/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама; жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындысы; электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытынды, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде), фтизиатриядың қорытындысы.
  3. Бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық, немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың спорттық жарыстарда жүлделі орындар алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері республикалық ОРММИК-ке оқуға түсушілер ұсынады (бар болған жағдайда).
  4. Нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.