Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):    

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат
  3. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытынды.

Көрсетілген құжаттармен бiрге олардың көшiрмелерiн ұсыну қажет. Салыстырып тексеруден кейiн құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Тұрғын үйді авариялық деп тану туралы анықтаманы немесе мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру