Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбелік күн

Қызметтің толық атауы
Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

Куәлік алу кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
  3. Сараптамалық ұйымның сарапшылары туралы мәліметтер, олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, аттестаттарын және еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмелері.
  4. Меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде өндірістік базаның болуы туралы мәліметтер, материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер, жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер, нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер.

Көзделген материалдар мен құжаттардан басқа куәліктің жарамдылығын растау кезінде, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. Оң және теріс қорытындылармен, және жобалардың атауларын және сатыларын, олардың тапсырыс берушісі мен әзірлеушісін көрсете отырып, құрылыс жобалары бойынша өткен кезеңге берілген сараптамалық қорытындылар туралы ақпарат;
  2. Сараптамалық ұйымдар сарапшыларының біліктілігін арттыру, біліктілік арттыру курстарынан немесе арнайы семинарлардан өту фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, аталған заңды тұлғаға және/немесе сарапшыға қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Аккредиттеу туралы куәлік беру, растау қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.