Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

портал арқылы:

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 минут.

Мемлекеттік корпорация арқылы:

жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 минут;

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру, немесе дәлелді бас тарту туралы жауап – 6 жұмыс күні;

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) тарауында өңделген анықтамамен танысу.

*Онлайн-қызметті ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша ғана алуға болады, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою үшін осы бет бойынша жүгіну қажет.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің мекен-жайын анықтау туралы анықтама алу үшін (жылжымайтын мүліктің мекенжайын көрсету туралы анықтама (тарихы бар немесе тарихы жоқ), жылжымайтын мүліктің мекен-жайын тағайындау туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің мекен-жайын жою туралы анықтама):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.

Ескертпе* Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

Қызмет көрсету нәтижесі

1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама;

2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;

3) жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы анықтама;

4) мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы анықтама;

5) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.