Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" (үлгілі) атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім.
  2. Көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы.
  3. Келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме:
  • жетекшілер туралы мәлімет;
  • репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
  • ұжымның концерттік бағдарламасы;
  • қатысушылар құрамының тізімі.
  1. Марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері.
  2. Көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).

Қызмет көрсету нәтижесі

"Халықтық" (үлгілі) атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе "Халықтық" (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат.