Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны 5 жұмыс күні ішінде беріледі:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және әзірлеу - 3 жұмыс күні.
Лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда заңды тұлға-лицензиатты қайта құру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 5 жұмыс күні:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні.
Лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растау қажет болмаған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 3 жұмыс күн:
лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
қайта рәсімдеу - 1 жұмыс күні.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.