Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша, біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар
ҚР азаматтары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

29 күнтізбелік күні ішінде.

Біліктілік арттыру бағдарламалары бойынша – 3 жұмыс күн ішінде.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша, біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

*Ескерту: Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар қазақ және орыс тіліндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге ұсынылады. Осы құжаттар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданған күннен бастап үш ай ішінде нострификация рәсімінен өтуі тиіс.  

Шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберіндегі білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ  танылады.

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады 

 

Қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында алу (қажетті құжаттар):

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша:

Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

  1. Өтініш.
  2. Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен (докторантураға түсу үшін).
  3. IELTS немесе TOEFL тестін тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі немесе APTIS тестін тапсыруға арналған тіркеу нысаны (ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын білім беру мекемелерінде дәреже алған үміткерлер тиісті құжатты ұсынған жағдайда, бұл талаптан босатылады).
  4. Еңбек қызметін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін қызмет тізімі, басқа да тұлғалар үшін кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе еңбек кітапшасының көшірмесі).
  5. 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама.
  6. Органның саяси мемлекеттік қызметшісі немесе жауапты хатшысы немесе аппарат басшысы, ал жоғарыда аталған лауазымдар енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысы қол қойған нысан бойынша жолдама (мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға түсушілер үшін).
  7. Нысан бойынша екі эссе (магистратураға түсушілер үшін).
  8. Нысан бойынша эссе, зерттеу жұмысының жоспары (research proposal), бар болған жағдайда ғылыми еңбектердің тізімі (докторантураға түсушілер үшін).

Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық расталған аудармасымен бірге ұсынылады. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданған күннен бастап үш ай ішінде тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының азаматтарына – "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберіндегі білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.

Біліктілік арттыру бағдарламалары бойынша:

  1. Біліктілікті арттыру семинарынан өту үшін толтырылған сауалнама-өтінім.

Қызмет көрсету нәтижесі

 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша:

1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың қатарына қабылданғаны туралы қызмет көрсетуші бұйрығынан үзінді көшірмесі.

2) Академияның білім алушыларының қатарына қабылданбағаны туралы хабарлама.

Біліктілік арттыру бағдарламалары бойынша:

1) тыңдаушылар қатарына қабылданғаны туралы қызмет көрсетуші бұйрығынан үзінді көшірмесі.

2) Академияның тыңдаушыларының қатарына қабылданбағаны туралы хабарлама.

Порталда - электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.