Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Жеке тұлғалар үшін:

  1. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын анықтау үшін);
  2. кемеге меншік құқығын растайтын құжат;
  3. кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат;
  4. өлшем куәлігі;
  5. сыныптау куәлігі;
  6. жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін);
  7. консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

Заңды тұлғаларға:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.