Құжаттарды заңдастыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы қаулысына және шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері және консулдық мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша өзара түсіністік қағидаты негізінде тегін көрсетілуі мүмкін.

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні

Ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, жеке және заңды тұлғаға жазбаша түрде хабарлай отырып, мерзім күнтізбелік 30 күнге ұзартылуы мүмкін

Қызметтің толық атауы
Құжаттарды заңдастыру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

жеке тұлға үшін:

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
  3. заңдастыруға жататын құжат;
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

заңды тұлға үшін:

  1. еркін нысандағы өтініш;
  2. уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
  3. заңдастыруға жататын құжат;
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  5. құрылтай құжаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
  6. өкілеттікті растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы).

Қызмет көрсету нәтижесі

Тапсырылған құжаттарды заңдастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.