Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет көрсету мерзімі

6 ай

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш.
  2. Өмірбаян (өз қолымен жазылған).
  3. 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет.
  4. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат.
  5. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
  6. Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда).
  7. Шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат.
  8. Консулдық алымның төленгенi туралы құжат.
  9. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

Ескерту:

Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.

Құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.