Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күннен аспайды.
Портал арқылы жүгінген уақытта - 1 жұмыс күні.
Егер келісуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күннің ішінде ұсынылады (көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген уақытта).
Қызметті онлайн қалай алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.
- Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.
- Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
В1, "В2", "В3", "В12" және "С12" бір мәртелі визаларды ресімдеу үшін - "электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама.
- ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты.
- Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат.
- Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасына келуге виза немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап.