Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру
Көрсету
Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны
Лицензия беру кезінде лицензиялық алым - 3845 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды
Қызмет көрсету мерзімі
Лицензия беру – 10 жұмыс күні
Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні
Құжаттар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы - 2 жұмыс күні
Қызметтің толық атауы
Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Казино қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.