Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беру кезінде лицензиялық алым - 3845 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру – 10  жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні

Құжаттар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы - 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру​ қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

Қызмет көрсету нәтижесі

Казино қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.