Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызмет саласында кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар.
  3. Тиісті аккредиттеу саласындағы персоналдың біліктілігін растайтын құжаттар (тиісті аккредиттеу саласындағы мамандық бойынша дипломдар, сертификаттар, куәліктер, тиісті аккредиттеу саласындағы біліктілігін және теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын куәліктер болған жағдайда).
  4. Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.

Қызмет көрсету нәтижесі

Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.