Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

25 күнтiзбелiк күн

Қызметтің толық атауы
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер туралы, оның шетелдiк дiни орталықтағы бұрынғы қызметi туралы мәлiметтер қамтылған шетелді діни орталықтың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiк басшысын тағайындауы туралы қолдаухат.
  2. Үміткерді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн дiни бiрлестiктiң басшысы етiп тағайындау туралы шетелдік діни орталықтың шешiмі.
  3. Дiни бiрлестiктiң басшысы лауазымына үміткердің паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.

*Құжаттар шетел тілінде ұсынылған жағдайда аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылып, олардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын нотариалды куәландырып ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауы туралы келiсім-хат, не осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап