Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға ақылы 

Қызмет көрсету мерзімі

екі жылға дейін

Қызметтің толық атауы
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Өтініш. 

       Ветеринариялық препараттарды, сол бір ветеринариялық препараттың әртүрлі дәрілік нысандарындағы жемшөп қоспаларын, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы әрбір дәрілік нысанға жеке-жеке өтініш ұсынады.
       Ветеринариялық препараттарды, сол бір ветеринариялық препараттың жемшөп қоспаларын, әртүрлі дозалары, концентрациясы немесе көлемі, бірақ бір дәрілік нысаны бар жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының байқаудан өткізуге және тіркеу сынақтарына берілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының барлық көлемдерін, дозаларын немесе концентрацияларын тізімдейтін бір өтініш ұсынады.

2. Жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі

Ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу нәтижелері туралы хаттама және/немесе ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан өткізу нәтижелері туралы хаттама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.