Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.qoldau.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
  2. Өтінімді www.qoldau.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://subsidies.qoldau.kz/kz/subsidies/recycling/info.

Қызмет көрсету нәтижесі

Субсидияны аудару немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы хабарлама.