«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензиялау – 500 АЕК.

"Өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру бойынша қызметпен айналысуға лицензия беру үшін - 200 АЕК.

Лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия берген үшін – лицензиялық алымнан 10%

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензиялау – 30 жұмыс күн;

Қайта рәсімдеу – 15 жұмыс күн;

Көрсетілетін қызметті алушыны бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған жағдайда, лицензияны қайта ресімдегенде – 30  жұмыс күнінен кешіктірмей;

Телнұсқа – 2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және (немесе) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.