Жол жүрі құжатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
ҚР ІІМ аумақтық бөлімшелері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

17 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жол жүрі құжатын беру

Қызметті порталда қалай алуға болады:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық сұрау салу:
  2. Графикалық файл түріндегі графикалық сурет, цифрлық фотосурет мөлшері 3,5 х 4,5 см және мөлшерінде және 7 х 2 см форматында сканерленген нұсқада жеке қолтаңбасы.

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

 

Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші:

  1. Өтінімнің жарамдылық мерзімімен босқын куәлігі;
  2. Туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдардың жол жүру құжаттарын алу кезінде);
  3. Жол жүру құжаты (құжатты ауыстырған кезде).

Жоғалтуға байланысты жол жүру құжатын ауыстыру үшін құжаттың иесі уәкілетті мемлекеттік органға жоғалған мән-жайларын көрсете отырып, жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы жазбаша өтінішті қосымша ұсынады.

Айқындамалық деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын жүгінуінің негізділігін растайтын құжат ұсынады.

16 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушылар үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жол жүру құжатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.