Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Жеке тұлғаларға мемлекеттiк Қазақстан Республикасының Кодексіне, Салық кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, консулдық алым ставка мөлшері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні - егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда.
10 жұмыс күні - егер жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған жағдайда.

Қызметтің толық атауы
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
  2. жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;
  3. өлшемі 3х4 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет;
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  5. жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда "Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш;
  6. жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қайтып оралуға арналған куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.