Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Күнтізбелік 30 күн

Қызметтің толық атауы
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Қайта өңдеу жобасының қаржылық-экономикалық моделі.
  3. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары.
  4. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Келіссөздерді бастау күні туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап.