Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

400 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

 5 жұмыс күні

 

Қызметтің толық атауы
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

лицензияны алу үшін:

  1. Өтініш.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:

  • көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
  • өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат;
  • жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, "Геологиялық есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бекітілген бұйрығымен. (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша геологиялық есеп;
  • өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты құрауыштардың болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы;
  • жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен тарату жоспары.

лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

  1. Өтініш.

Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.