Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша

Қызмет көрсету мерзімі

күнтізбелік 30 күн;

қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (салыстыру үшін);
  3. егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік (салыстыру үшін);
  4. егер көрсетілетін қызметті алушыда кәмелетке толмаған балалары бар болса, баланың туу туралы куәлігі (салыстыру үшін);
  5. бала асырап алу туралы сот шешімі (немесе бала асырап алу туралы куәлік) немесе егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, әке болуды анықтау туралы куәлік (салыстыру үшін);
  6. егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты оған некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (салыстыру үшін);
  7. көрсетілетін қызметті алушының 3х4 см көлеміндегі екі фотосуреті;
  8. атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, көрсетілетін қызметті алушының өз қолымен жазған толық өмірбаяны;
  9. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік) (салыстыру үшін), шетел азаматтары үшін мемлекеттік не орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен шетелдік үлгідегі паспорт (салыстыру үшін);
  10. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  11. қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады;

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немес орыс тіліне аударылуға жатады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.