Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не орнына барып тексеру талап етілмейтін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде

Өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не орнына барып тексеру талап етілетін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау және шешім қабылдау бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Жазбаша нысанда не электрондық түрде өтінішті табыс етеді.

Қызмет көрсету нәтижесі

1. Жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште не көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауабы.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжделген жауабы болып табылады.