Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия алу - 6 АЕК;

Лицензияны қайта ресімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %;

Лицензияның телнұсқасын алу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды;

 

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру үшін – 5 жұмыс күні;

Лицензияны қайта рәсімдеу үшін - 3 жұмыс күні;

Лицензияның төлнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;

Қызметтің толық атауы
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия алу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Лицензияны беру үшін:

  1. Белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
  2. Белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
  3. Өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
  4. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
  5. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтер нысаны.
  6. Ветеринария саласындағы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны.

Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін

Заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны беру, мемлекеттік лицензияны және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, мемлекеттік лицензияның және (немесе) мемлекеттік лицензияға қосымшаның телнұсқасын не уәжді бас тартуды беру.