Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия алу үшін - 10 АЕК

Лицензияны қайта рәсімдеу үшін - лицензияны берген кезде ставканың 10%.

 

Қызмет көрсету мерзімі

1) лицензияны және лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және  лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10  жұмыс күні;
2) лицензияны және  лицензияға қосымшаны заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырмағанды қоспағанда, лицензияны және  лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде– 3  жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.