Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

лицензия алу - 10 АЕК

лицензияны қайта ресімдеу - 10 %-ды құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды

лицензияның телнұсқасын алу - 10 АЕК

 

Қызмет көрсету мерзімі

лицензия беру - 10 жұмыс күні

лицензияны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні

лицензияның телнұсқасын беру - 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Лицензия алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер және құжаттар.
  4. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпарат қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат бар құжаттардың көшірмесі.
  4. Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Лицензия телнұсқасын алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Лицензияның телнұсқасын беруге бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мақта қолхатын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап