Ветеринарлық зертханалар беретін сараптама актiлерiн беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 3), 5), 6-1), 7) тармақшаларына сәйкес ақылы түрде көрсетіледі

Қызмет көрсету мерзімі

Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін - 1 жұмыс күнінен көп емес;

Классикалық – 5 жұмыс күні ішінде;

Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) – 20 жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);

Вирусологиялық зерттеулер – 25 жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);

Молекулярлық-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);

Микроскопия – 2 жұмыс күні ішінде;

Биологиялық сынама – 70 жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);

Паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 жұмыс күні ішінде;

Тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 жұмыс күні ішінде;

Тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 жұмыс күні ішінде;

Сынаманы алу және оны зерханаға зерттеуге жолдау – 3 жұмыс күні ішінде;

 

Қызметтің толық атауы
Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік.

Қызмет көрсету нәтижесі

Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап