Өсімдіктер әлемінің объектілерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде сирек және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер санатына жататын өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабының 3) тармақшасына сәйкес алынады және ол айлық есептік көрсеткіштің 200 пайызын құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Өсімдіктер әлемінің объектілерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде сирек және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер санатына жататын өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабрламаларым » тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар)

  1. Өтініш.
  2. Өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының шығу тегін, оларды дайындаудың және сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар.
  3. Әкелінетін және әкетілетін өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат.
  4. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат.