Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

44 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтiнiш, екі данада;
  2. Көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын шаруашылыққа жарамдылығына сынақтан өткiзу және оларды бағалау кезiнде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларда ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттама;
  3. Селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша), екі данада;
  4. Тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;
  5. Гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;
  6. Өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
  7. Сынаққа берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сорттар үшін);
  8. Тұқымдық және отырғызу материалының үлгiлерi.

Қызмет көрсету нәтижесі

Шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.