Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

7 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):  

Пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және бекітілген жою жөніндегі жұмыс жобасына келісім-хаттардың көшірмелері.

Жер асты суларын өндіру кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес алынған, келісімшартта айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы шегінде арнайы су пайдалануға рұқсат.

Пайдалы қатты қазбаларды барлау кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның келісім хаттарының көшірмелері, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасына мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы.

Тарату жұмыстарын жүргізу қажеттілігі болмаған жағдайда:

  1. Өтініш.
  2. Тарату жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің жоқтығын растайтын тексеру актісі немесе барлық келісімшарттық аумақты қайтару актісі.

Барлау жөніндегі операциялардың салдарларын жою жүргізілген жағдайда:

  1. Өтініш.
  2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою актісі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Таратылған қорды пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.