Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1) жеке тұлғалар үшін 7 күнтізбелік күн ішінде;

2) заңды тұлғалар үшін күнтізбелік 25 күн ішінде;

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті иісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап:

1) жеке тұлғаларға күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей;

2заңды тұлғаларға күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.

Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен құжаттар бойынша уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді:

1) заңды тұлғаларға күнтізбелік 30 аспайтын мерзім ішінде (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік 25 күн);

2) жеке тұлғаларға күнтізбелік 10 үш күннен аспайтын мерзім ішінде қабылдайды (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік 7 күн).

жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) атауы өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген күннен бастап:

1) жеке тұлғаларға күнтізбелік он күннен кешіктірмей (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік 5 күн);

2) заңды тұлғаларға күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік 15 күн) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.

Қызметтің толық атауы
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметтi немесе мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

Аккредиттеуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін);
  3. мыналардың: жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады);
  4. соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index(Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index бөлімінде) (Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.

Көретілентін қызметті алушылар (заңды тұлғалар) аккредиттеу алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. өтініш;
  2. осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес рейтингтік парақ;
  3. ұйым жарғысының көшірмесі;
  4. соңғы 5 жыл ішіндегі рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.

Егер субъект қызметінің кезеңі 5 жылдан аспаса, онда растайтын құжаттар оның қызметінің барлық кезеңіндегі құжаттар ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Аккредиттеу туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.