Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
Көрсету
Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1 жұмыс күн
Қызметтің толық атауы
Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызметті онлайн алу:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінішті толтыру және ЭЦҚ өтінішіне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижелерімен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- өтініш;
- Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
- білім туралы құжаттары:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
- ЖОО мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
- бакалавр/маман дипломы қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
- бакалавр/маман дипломы қосымшасымен, интернатураны бітіру туралы куәлік қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
- магистр дипломы қосымшасымен немесе резидентураны бітіргені туралы куәлігі және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
- шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде ұсынылған құжаттардың бірін ұсынады):
- шет тілін меңгеруді халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған сертификат, болған жағдайда;
- студенттің шет тілді меңгеру деңгейімен келісетіндігі туралы шетел ЖОО-ның хаты;
- қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейден төмен емес);
- медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);
- он сегіз жасқа толмаған үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге баруға қарсы еместігі туралы жазбаша келісімі;
- студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
- студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда);
Қызмет көрсету нәтижесі
Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы қолхат.