Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдерінің кестелеріне сәйкес мерзімдерде.

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдарға-көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап - 5 жұмыс күні ішінде.

Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлеріне-құжаттар қабылданған не көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен күннен бастап - 10 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба)көмегімен қол қойыңыз.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Бірінші, екінші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде ұсынады:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

  1. Өтініш.
  2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі немесе жерлеуді жүзеге асырған адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

  1. Өтініш.
  2. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің немесе жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы.
  3. Зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
  4. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің не жерлеуді жүзеге асырған адамның банк шоты туралы мәліметтер.

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
  3. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  4. Мұрагерлікке құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге үшінші тұлға немесе заңды өкіл арқылы жүгінген кезде, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға немесе заңды өкіл ұсынады:

  1. Үшінші тұлғаның немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
  2. Нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі не заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариалды куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда).

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызмет алушылар:

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдану құқығы тиісті растайтын құжаттарды ұсынады.
  2. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде табысты түзетуді немесе зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдану құқығы осы қосымшада көрсетілген құжаттар тізбесіне қосымша көрсетілетін қызметті берушінің ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ тиісті растайтын құжаттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті беруші алған, көрсетілетін қызметті алушының табысты түзетуді немесе зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа салық шегерімін қолдануға құқығын растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге пошта байланысы құралдары арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өтініште көрсетілетін қызметті алушының қолы нотариалды куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда).

Заңды күшіне енген сот актісімен айқындалған көрсетілетін қызметті алушы (жеке немесе заңды тұлға) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның зейнетақы жинақтарын алу мақсатында көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Заңды күшіне енген сот актісі.
  2. Алушының (сот актісімен айқындалған жеке немесе заңды тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштер бойынша мемлекеттік корпорация зейнетақы төлемдерін алушының банктік шотына аударған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтініште (бар болса) көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне sms-хабарлама беру арқылы зейнетақы жасына толуына байланысты зейнетақы төлемін жүзеге асыру туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

Мерзімсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектер, зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адамдар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының мұрагерлері болып табылатын адамдардың өтініштері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге зейнетақы төлемінің жүзеге асырылғаны туралы көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген ұялы телефон нөміріне (бар болса) sms-хабарлама беру арқылы.