Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Ауыл округінің әкімі
Жұмыспен қамту орталығы
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Орталыққа жүгінген кезде - орталық құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап - 15 жұмыс күні;

Ауыл округінің әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 18 жұмыс күні.

Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). Өтінімде «Қазпошта» АҚ-да, «Халық Банкі» АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.

Ескерту: Жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Қызметті Мемлекеттік органда (Халықты жұмыспен қамту орталығы және Ауылдық округ әкімі)(қажетті құжаттар):

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. өтініш берушіні сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал қандастар үшін - қандас куәлігі;
  3. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді.

Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

www.egov.kz Порталында қызмет көрсету нәтижесі:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.