Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күн ішінде.

Қызметтің толық атауы
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.

  2. Жеке басты  куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Ақпараттық жүйелерде  бенефициарға ақпарат  болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қосылады:

  1. Жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаны тарату кезінде жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы өтініш - өндірістік жарақаттан және (немесе) кәсіптік аурудан жарамсыз деп танылған жағдайда.
  2. Жеке оңалту бағдарламасының үзінді көшірмесі.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған кепілдіктерге теңестірілген тұлғаларға Ұлы Отан соғысы ардагері, Ұлы Отан соғысының ардагері немесе Ұлы Отан соғысының мүгедектері үшін жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген куәлігі қоса беріледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек беру шарттарын көрсете отырып, құжаттарды ерікті нысанда орындау туралы хабарлама.