Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Медициналық ұйымдар
Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні ішінде 

Қызметтің толық атауы
Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру

Медициналық ұйымдарда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген) бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап-тексеру нәтижелері.
  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін ақы төленгенін растайтын құжат.

Қызмет көрсету нәтижесі

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 083/е нысаны бойынша берілген медициналық құжаттама.