Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тарифке сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не көрсетілетін қызметті алушы оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін  сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі 20 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын ұзарту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.