Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;

Азаматтық әуе кемелерін қайта тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш.

 

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні;

"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды;
шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктер беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.