Емдеуге жатқызу пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Денсаулық сақтау ұйымдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні ішінде;

тапсыру уақыты - 30 минут

Қызметтің толық атауы
Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емделуге жатқызуға жіберу жолдамасын беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз..

Жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:

  1. Тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы.
  3. Бағытталған диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес).

Қызмет көрсету нәтижесі

№ 001-3/е нысаны бойынша берілген cтационарға емдеуге жатқызуға жолдама.