Жедел жәрдем шақыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты 5 минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі.
Жедел медициналық көмекті шақыртудың жеделділік санатының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақыртуды алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін).

Қызметтің толық атауы
Жедел медициналық көмек көрсету

Жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер:

  1. Пациенттің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), жасы мен жынысы. 
  2. Пациенттің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиға жағдайы, жарақаты немесе ауруы.
  3. Пациенттің мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ болатын жеріне бару бойынша болжамды деректері.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жедел медициналық көмек көрсету.